ТЕҢІЗ. ЖАҒА. ҮЙ-ШАҒАЛА

2024 жылдың 20 наурыз  Ұлттық спорт, Ынтымақ және Жыл басы күні. Шардара ауданы Әкімінің ұйымдастыруымен аудан және қала тұрғындарына арналған мерекелік іс – шара өткізілді. «Шардара су электр станциясы» АҚ-ның ынтымағы жарасқан еңбек ұжымы да үй безендіріп, шатыр тігіп, қариялардың батасын алды. Қонақтарға наурыз көже және палау тартылды. Ән айтылып, күй тартылған, балуандар күресіп, кір тасы көтерілген ызу-қызу мейрамға жиналғандар дән риза болысты.
Өткізілген іс - шарада әділ қазылар алқасының шешімімен «Шардара су электр станциясы» АҚ-ның еңбек ұжымы тіккен жұмыртқадай жұтылып тұрған ақшаңқан үй жеңімпаз деп танылып, бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар ұжым еңбекшілері «Ұлттық киім күні», «Жаңару күні» және «Тазару күні» мерекелерін көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды.

news sharges 171123 1

Ұлттық киім күні

news sharges 171123 1

Жыл басы күні

news sharges 171123 1

Жаңару күні

news sharges 171123 1

Тазару күні


«Шардара су электр станциясы» АҚ-ның кәсіпкомы

АҒАҒА ҚҰРМЕТ ҚАНДА БАР

АҒАҒА ҚҰРМЕТ ҚАНДА БАР

 Табиғаттың қатал заңына сәйкес, әлсіздің күні қараң. Адамдар қоғамында бірлестік пен өзара көмексіз қалуға болмайды. Мұндай талап бірінші кезекте әлеуметтік көмекке зәру қоғамның мүшелеріне қарап айтылады. «У ішсең – руыңмен» дейтін елде ешкім де көмексіз қалмау керек.

Сондықтан да «Шардара СЭС» АҚ өзінің 35 ардагер зейнеткері мен 8 жауынгер-интернационалисін қолдау мақсатында олардың әрқайсысы пайдаланған 350 квт/сағат электр қуаты үшін ай сайын ақысын төлейді.

«Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ комитеті

БЕС ҮЙГЕ КІРГЕН БЕРЕКЕ

БЕС ҮЙГЕ КІРГЕН БЕРЕКЕ

«Шардара СЭС» АҚ-ында бекітіліп, жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік саясат аясында тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларына көмек көрсету, оларды толық қамтуға жағдай жасау мақсатында және «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының шеңберінде бес балаға оқу жылына дайындалуға жағдай жасалды. Әрбір оқушы балаға бөлінген қаражат – 50 000 теңге. Жалпы, жұмсалған қаражат 250 000 теңгені құрайды.
Біздің ұжым мен оның кәсіподақ комитеті «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясына 11 жылдан бері үздіксіз қатысып келеді және бұл игі шараға қатысуды дәстүрге айналдырғанбыз.

«Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ комитеті

ҚОРҒАУШЫ ҚУАТЫНДА БОЛСЫН!

ҚОРҒАУШЫ ҚУАТЫНДА БОЛСЫН!

Жақында, 7-ші мамыр – Отан қорғаушы күні - қарсаңында, «Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ комитеті армия мен флотта әскерде болып, ел алдындағы борышын өтеген азаматтардың басын қосып, құттықтады.

Бүгіндері энергетик ретінде халыққа жарық сыйлайтын байырғы солдаттарға сыйлықтар тапсырылып, нәзікжанды әріптестерінің ыстық тілектері айтылды. Сонымен қатар Отан қорғаушы күні мерекесімен бірге келетін 9-шы мамыр – Жеңіс күні мерекесін лайықты қарсы алу мақсатында спорттың футбол түрінен цехаралық жарыс өткізілді. Жеңімпаз және қатысқан командаларға сый-сияпат жасалынды.

«Шардара су электр станциясы» АҚ-ы кәсіпкомы құрмет!

1

2

3

Қарттарым, аман-сау жүрші!

Қарттарым, аман-сау жүрші!

«Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 1 қазан -Қарттар күніне орай «Қарттарым, аман-сау жүрші!» деп ұрандатқан энергетиктер Қоғамда қажырлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан жалғызілікті және мүмкіндігі шектеулі қарттарымызға көмекке барды.

Крянникова Валентина Александровнаның үйіне барып, қос білекті сыбанып жіберіп, асарлаттық. Қысқа дайындық есебінде ағаштарын кестік, су құбырларын тазалап, шаруашылығы мен тұрмысын жөнге келтірдік. Сонымен қатар Миронова Тамара Архиповнаның көшеден кіре беріс дарбазасы жөндеуден өткізіліп, сырланы. Үй жапсарлас салынған отын сақтау бөлмесінің шатыры жаңаланып, ауыстырылды. Ардагерлердің айтуынша, оларға қымбаты жәрдем емес, шәкірттерінің келіп, хал-жағдай сұрасқаны екен. Сондықтан болашақта қарттарымызға жиі-жиі барып тұруды әдетке айналдыру керек деп шештік.

Қол жәрдемінен тыс «Шардара су электр станциясы» Акционерлік қоғамында қайраты барында қажырлы еңбек еткен 36 зейнеткерімізге қаржылай көмек берілді. Жалпы босатылған қаражат 1 346 004 теңгені құрады.

Суретте: «Валентина Александровна шәкірттеріне дән риза».

«Мектепке жол»

«Мектепке жол» ізгіліктен басталады.
Тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларына көмек көрсету, оларды мектептегі оқу жылы қарсаңында толық қамтуға жағдай жасау мақсатында, «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының шеңберінде «Шардара су электр станциясы» Акционерлік қоғамы 5 баланы оқу жылына дайындады.
Біздің ұжым «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясына 10 жылдан бері үздіксіз қатысып келеді, және бұл игі шараға қатысуды дәстүрге айналдырғанбыз.
Әрбір оқушыға бөлінген қаражат биыл 40 000 теңгені құрады. Жалпы жұмсалған қаражат 200 000 теңгені құрайды.

«Шардара су-электр станциясы» АҚ кәсіподақ ұйымы         01 қыркүйек 2022 жыл

Cәбилерін қуантты

Жаздың алғашқы күнінің кешінде қалада «рахмет!» сөзі кем дегенде 121 рет айтылды.

Оның себебі, «Шардара су электр станциясы» АҚ кәсіподақ ұйымы 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін атап өту мақсатында жылдағы дәстүр бойынша ұжымда еңбек ететін жұмыскерлердің 8 жасқа дейінгі 121 баласына 8 түрлі 121 дана ойыншықты табыстау үшін 171 400 теңгеге сатып алды.

Сатып алынған ойыншықтар балалардың ата – анасына тапсырылды. Олар болса, жұмыс аяқталысымен жүгіре басып үйлеріне бағыт алды.

Қос мереке – бір шара

                                                                                  Суретте: қыз қолымен тапсырылған сыйлық қандай!

 

                                                                                  Суретте: командалар шайқасқа сақадай сай тұр.

 

7-ші мамыр – Отан қорғаушысы күні қарсаңында «Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ комитеті армия мен флотта әскери қызметін өтеген азаматтарды құттықтады.

Құттықтауда Отанды қорғау – асқан шеберлікті қажетсінетін ауыр да мәртебелі іс екені атап өтіліп, қайсарлық, ерлік пен батылдық энергетик-солдаттардың бойында әрқашан табылатын болсын деген тілек айтылған.

Байырғы солдаттарға сыйлықтар тапсырылып, нәзікжанды әріптестерінің ыстық тілектері арналды. Сонымен қатар, Отан қорғаушысы күні мерекесімен бірге келетін 9-шы мамыр – Жеңіс күні мерекесін лайықты қарсы алу мақсатында футболдан цехаралық жарыс өткізілді. Жеңімпаз және қатысқан командаларға сый-сияпат жасалынды.

Профсоюзный комитет АО «Шардаринская ГЭС»

Бірлік бар жерде тірлік бар!

                                                                                  Суретте: Кәсіподақ – қай іске де мұрындық!

 

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні ауданымыздың орталығы Шардара қаласында түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау мақсатында мерекелік іс-шара өткізілді.

«Береке бастауы - бірлік, ел іші - тату тірлік» қағидасын ұстанған 3 ұлт өкілінен құралған «Шардара су электр станциясы» АҚ –ның еңбекшілері де өткізілген мерекелік шараға қатысты.

«Шардара CЭС» АҚ кәсіподақ комитеті

© 2024 АО «ШАРДАРА СЭС»