Шардара СЭС электр энергиясын өндіру және сату жоспары Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті белгілейтін, негізінен Түркістан және Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы дақылдарын кепілдендірілген сумен жабдықтау мақсатын көздейтін Шардара су қоймасының жұмыс режиміне және жылдық су мөлшеріне байланысты болады.
Шардара су қоймасының 2023 жылғы вегетациялық және вегетацияаралық кезеңге арналған жұмыс режимдерінің болжамдарын ескере отырып, 2023 жылға 437 млн. кВт * сағ электр энергиясын өндіру жоспарлануда. Осы көрсеткішті қамтамасыз ету мақсатында біз өз жұмысымызды су қоймасының жұмыс режимін ұтымды пайдалану есебімен жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар, "Шардара СЭС" АҚ-ы жаңғыртудың инвестициялық бағдарламасы қойған міндеттерді орындау мақсатында біз электр энергиясын пайдалы босатуды (сатуды) 2023 жылы 427,150 млн. кВт*сағ дейін жеткізуді жоспарладық.
Сату әдістері: электр энергиясын сатып алу – сату шарты негізінде көтерме сатып алушыларға электр энергиясын көтерме сату.