- Акция алу (қатысу бөлігі) – жоспарда жоқ.
- Материалды емес активтерге ие болу – жоспарда жоқ.
- Негізгі құралдарды игеру. Өндірісті модернизациялау ескі құсқы моральды және физикалық түрде қалыптасқан дәстүрді жаңартумен алмастыру жоспарлануда, себебі олар Шардары ГЭС құрылған жылдардан бастап жалғасып келеді (35-40 жыл).
«Шардары ГЭС Модернизациялау» жобасы
Жоба негізінде гидроэлектростансаның құрал-жабдықтарын толықтай модернизациялау және оны ҚР индустрилық-инновациялық дамуын жеделдету туралы мемлекеттік бағдарлама тізбегіне қосылуы күтілуде.
Жобаның мақсаты
Ескі-құсқы тозған құрал-жабдықтарды ауыстыру;
Станса құуаттылығын көбейту;
Авария кезінде стансаны пайдалануда қауіпсіздікті орнату және қадағалау, қауіп төндіретін факторлардың деңгейңн төмендету;
Станса жұмысын жақсарту, құрылыс жұмыстарында шығынды азайту.
Күтілетін нәтижелері
Станса жұмысының мерзімін ұзарту, 35-40 жылға дейін;
Бекітілген қуатты көбейту 126% дейін;
Энергияның эффектісін 7%-ға көтеру.
Жүзеге асырылу мерзімі
2010-2017 жж.
Қаржыландыру өз қалтасынан жүзеге асырылады, екі жақты келісім негізінде шетелдік қаржы көздері де пайдаланылады.
Ағымдағы жағдай
2007 жылдан бастап станса құралдары мен гидротехникалық құрылғылардың жағдайын тексеру мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілді, Шардары ГЭС пайдалануға берілген күннен бастап (47 жыл). Техника-экономикалық негізі қаланды. ОРУ-110кВ қауіпсіз жерге орналастыру және оң жағалауда жер сілкінісі кезінде сақтау жұмыстары атқарылды.
2010 жылдан бастап өз қаржысынан ОРУ-110кВ қаіпсіз жерге орналастыру, оң жағалауда жер сілкінісі кезінде сақтау, көмекші құралдарды (соның ішінде генератор мен турбинаны) ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Сырттай тартқан Кеңесшілердің көмегімен бірлесіп ЕРС-келісім шартын жасасуға негізделген тендер құжаттарын дайындау жұмыстары жасалды, соның ішінде «Генераторлар мен турбиналарды, көмекші механикалық құрылғыларды ауыстыру. Басқару жүйесін, релелік қауіпсіздікті және көмекші электр құралдарын ауыстыру». 2012 жылдың тамызында ЕБРР-мен келісім шартқа қол қойылды, соның негізінде 50 млн евро. несиеге алынды. Халықаралық ашық екі деңгейлі тендердің нәтижесі бойынша Андритц Гидро неміс компаниясы жеңіп шықты. Олар өзінің жобалау саласында, турбиналар мен генераторларды жасап шығару, бақылау жүйесі, басқару және микропроцессорлық технологиямен құрылған релелік қауіпсіздігімен танымалы.
Жобаны жүзеге асыру арқылы гидроагрегаттарды ауыстыру, толық маусымда электр энергиясын көп мөлшерде шығаруына негізделген. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2014-2017 жж. Аралығына жоспарланған. Жұмыстың толыққанды жүзеге асуы 2017 жылға жоспарланған.