2024 жылғы 5 желтоқсанда ауданның мемлекеттік органдарының қатысуымен "Шардара СЭС" АҚ қауіпті өндірістік объектісінде ТЖ авариясын жою бойынша оқу дабылы өткізілді. Оларға ТЖМ авариялық-құтқару қызметтері, ТЖМ өрт сөндіру қызметі, жедел медициналық жәрдем қызметкерлері, ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі және инженерлер, станция қызметкерлері қатысты. Командалық-ауқымды жаттығулар станциядағы ТЖ апатын жою бойынша барлық қызметтердің үйлесімді әрекеттерін көрсетті.
Пресс-релиз
"Шардара СЭС" АҚ өз қызметкерлерінің балалары үшін өндірістік қауіпсіздік бойынша интерактивті мастер-класстар өткізеді Қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлерді тарту мақсатында 25 қарашада "Шардара СЭС" АҚ-да (бұдан әрі-қоғам) Қоғам қызметкерлерінің балалары үшін өндірістік қауіпсіздік бойынша интерактивті мастер-класс өткізілді. Іс-шара өскелең ұрпаққа өндірістегі қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын үйретуге және әртүрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған бағдарламаның бір бөлігі болды. Мастер-класста балалар жұмыс орындарындағы қауіпсіздік ережелерінің негіздерімен танысып, еңбекті қорғау ережелерін сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінді. Қоғамның өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау басқармасының мамандары балаларға кіріспе нұсқама, орталық басқару пультінің диспетчерлік бөлмесіне және ата-аналарының жұмыс орындарына апарып көрнекі түрде өткізді.
25 қазан - Республика күні мерекесі қарсаңында «Шардара су электр станциясы» Акционерлік Қоғамының кәсіподақ ұйымы осындағы жастар одағымен бірлесіп салтанатты шара өткізді.
«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» ұранымен өткен шарада басқарма төрағасы Серік Құндақов ұжым жұмысшыларын айтулы мерекемен құттықтады. Ол Компания жұмысшыларына арналған спорт алаңының лентасын ардагер энергетик Сейітмұрат Саймановпен бірге қиды.
Іс – шара барысында спорттың кіші футбол түрінен цехаралық жарыс ұйымдастырылды, мерекелік дастархан жайылып, барша қатысушы командаларға арнайы сый-сияпат жасалды.
«Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ ұйымы
Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша Референдум қарсаңында «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) акт залында Шардара ауданы әкімдігінің өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға Шардара ауданы ішкі саясат бөлімінің теолог маманы, Шардара ауданының құрметті азаматы Данияров Асылхан және Шардара ауданық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Шардара ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Ілесов Қыстау Інайұлы қатысты.
Кездесу барысында әлеуметтік және экономикалық мәселелер, Референдумның маңыздылығы талқыланды, сондай-ақ ядролық энергияны басқа энергия көздерімен салыстырулар жүргізілді. Қоғам қызметкерлері алдағы Референдум аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың халықтың атом энергиясын анықтау бойынша ақпараттандыруға үлкен үлес қосатынын атап өтті.
Сонымен қатар, Қоғамның мүдделі тараптармен өткен кездесуінде елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басым бағыттарының бірі болып табылатын діни экстремизмге қарсы іс-қимыл тақырыбы да қозғалды. Өз сөзінде аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Данияров Асылхан діни экстремизмнің тікелей себебі ретінде діни білім мен тәжірибенің жетіспеушілігін, саясат пен діннің араласуын атап өтіп, діни сауаттылықты қалыптастырудың, жалпы мәдениет пен білім деңгейін арттырудың қажеттілігі туралы қысқаша түсініктеме берді.
Қоғам терроризм мен діни экстремизмнің барлық түрлері мен көріністеріне қарсы және осы құбылыспен күресу үшін ұжымдық күш-жігерді қабылдауды белсенді түрде қолдайды.
Жиында Қоғам Басқарма төрағасының орынбасары – Бас инженер Сайманов Сеитмурат Мирзабекұлы сөз сөйлеп, ұжым атынан Шардара ауданы әкімдігі өкілдеріне осындай іс-шаралар өткізгені және жиналыс тақырыбы бойынша пікір білдіргені үшін алғысын білдірді.
«Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 1 қазан - Қарттар күніне орай энергетиктер ардагерлерге кәдесый жасады.
Кәсіпорында қажырлы еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан 39 зейнеткердің әрқайсысына 2024 жылға ең төменгі күнкөріс деңгейі ретінде белгіленген 43 407 теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Жалпы жұмсалған қаражат - 1 692 873 теңге.
Сонымен қатар, «Шардара СЭС» АҚ-ы осы 39 ардагер пайдаланған 350 квт/сағат электр қуаты үшін ай сайын ақысын төлеп береді.
«Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ ұйымы
Осы күні әр бұрыштан: «Балаларымыздың болашағына инвестиция жасайық!» деген үгіттемелік айғай шығып жатыр. Мұнысын жаңалық деп есептейді. Сонда атам қазақтың баяғы заманда-ақ «Балаға берген қайтады, сараңға берген қайтпайды» дегені қайда?!
Осы мақалмен қаруланып, тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларына көмек көрсету, оларға жағдай жасау мақсатында және «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясының шеңберінде «Шардара су электр станциясы» Акционерлік қоғамы 5 баланы жаңа оқу жылына дайындады.
2024 жылы әрбір оқушыға бөлінген қаражат 50 000 теңге болды.
Жалпы, жұмсалған қаражат 250 000 теңгені құрады.
«Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ ұйымы
2024 жылдың 1 маусымында «Шардара су электр станциясы» АҚ кәсіподақ ұйымы Балаларды қорғау күні мерекесін атап өтті.
Жылдағы дәстүр бойынша, ұжымда еңбек ететін жұмыскерлердің 8 жасқа дейінгі 112 баласына ойыншықтар табыстау үшін олардың 9 түрі 180 000 теңгеге сатып алынып, балалардың ата – аналарына тапсырылды.
«Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ ұйымы
28 сәуір «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» орай " Шардара СЭС " АҚ қызметкерлері флешмоб ұйымдастырды, сондай-ақ футбол, волейбол және үстел теннисі бойынша қызметкерлер арасында жарыс өткізілді. Жарыс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.
2024 жылдың 20 наурыз Ұлттық спорт, Ынтымақ және Жыл басы күні. Шардара ауданы Әкімінің ұйымдастыруымен аудан және қала тұрғындарына арналған мерекелік іс – шара өткізілді. «Шардара су электр станциясы» АҚ-ның ынтымағы жарасқан еңбек ұжымы да үй безендіріп, шатыр тігіп, қариялардың батасын алды. Қонақтарға наурыз көже және палау тартылды. Ән айтылып, күй тартылған, балуандар күресіп, кір тасы көтерілген ызу-қызу мейрамға жиналғандар дән риза болысты.
Өткізілген іс - шарада әділ қазылар алқасының шешімімен «Шардара су электр станциясы» АҚ-ның еңбек ұжымы тіккен жұмыртқадай жұтылып тұрған ақшаңқан үй жеңімпаз деп танылып, бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар ұжым еңбекшілері «Ұлттық киім күні», «Жаңару күні» және «Тазару күні» мерекелерін көтеріңкі көңіл күймен қарсы алды.
Ұлттық киім күні
Жыл басы күні
Жаңару күні
Тазару күні
«Шардара су электр станциясы» АҚ-ның кәсіпкомы