Құрметті Өнім беруші!
Сізден әлеуметтік және экологиялық нормалар мен заңнамалардың сақталуына қатысты сауалнамадан өтуіңізді сұраймыз. Сауалнаманы толтырған кезде компанияңыздың осы салалардағы қызметін мүмкіндігінше егжей-тегжейлі сипаттауды сұраймыз.
Осы сауалнаманың нәтижелерін "Шардара СЭС" АҚ өнім берушілердің әлеуметтік/этикалық стандарттарды сақтауын талдау және Қоғамның ESG қағидаттарын ұстануы шеңберінде "Шардара СЭС" АҚ сайтына шолу ақпаратты жариялау мақсатында барлық толтырылған сауалнамалар бойынша жалпы нысанда ғана пайдаланатын болады.