Қазақстан энергетикасындағы серпіліс

Қазақстан энергетикасындағы серпіліс

        Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша Референдум қарсаңында «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) акт залында Шардара ауданы әкімдігінің өкілдерімен кездесу өтті.  Іс-шараға Шардара ауданы ішкі саясат бөлімінің теолог маманы, Шардара ауданының құрметті азаматы Данияров Асылхан және Шардара ауданық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Шардара ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Ілесов Қыстау Інайұлы қатысты.

        Кездесу барысында әлеуметтік және экономикалық мәселелер, Референдумның маңыздылығы талқыланды, сондай-ақ ядролық энергияны басқа энергия көздерімен салыстырулар жүргізілді. Қоғам қызметкерлері алдағы Референдум аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың халықтың атом энергиясын анықтау бойынша ақпараттандыруға үлкен үлес қосатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Қоғамның мүдделі тараптармен өткен кездесуінде елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басым бағыттарының бірі болып табылатын діни экстремизмге қарсы іс-қимыл тақырыбы да қозғалды. Өз сөзінде аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Данияров Асылхан діни экстремизмнің тікелей себебі ретінде діни білім мен тәжірибенің жетіспеушілігін, саясат пен діннің араласуын атап өтіп, діни сауаттылықты қалыптастырудың, жалпы мәдениет пен білім деңгейін арттырудың қажеттілігі туралы қысқаша түсініктеме берді.

       Қоғам терроризм мен діни экстремизмнің барлық түрлері мен көріністеріне қарсы және осы құбылыспен күресу үшін ұжымдық күш-жігерді қабылдауды белсенді түрде қолдайды.

Жиында Қоғам Басқарма төрағасының орынбасары – Бас инженер Сайманов Сеитмурат Мирзабекұлы сөз сөйлеп, ұжым атынан Шардара ауданы әкімдігі өкілдеріне осындай іс-шаралар өткізгені және жиналыс тақырыбы бойынша пікір білдіргені үшін алғысын білдірді.

© 2024 АО «ШАРДАРА СЭС»