Орналастырылған күні 2023 жылғы 10 мамыр

«Шардара СЭС» АҚ  (161400, Түркістан облысы, Шардара қаласы, Елмұратов көшесі, 13,  sharges @ mail.ru) «Шардара СЭС» АҚ 2023 - 2025 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысына аудиторлық тексеру жүргізу және қоғамның 2023 – 2025 жылдардағы 6 және 9 айлық қорытынды  қаржы есебіне алдын ала аралық шолу жүргізу қызметін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібінің ерекше тәртібіне сәйкес өткізетіндігі  жөнінде хабарлайды.

     Сатып алынатын қызмет түрінің толық тізбесі, оның саны, қызмет көрсету мерзімі, орны және егжей – тегжей ерекшелігі, қатысушы аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміндегі сұраныста көрсетілген.

     Сатып алуға бөлінген қаражат 2023 жылға – 7 478 000 теңге ҚҚС қосылмағанда,     2024 жылға – 7 814 510 теңге ҚҚС қосылмағанда, 2025 жылға – 8 088 018 теңге ҚҚС қосылмағанда.

     Қатысушы аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміндегі сұранысты мына мекен-жай бойынша: 161400, Түркістан облысы, Шардара қаласы, «Шардара СЭС» АҚ, Елмұратов көшесі, 13, және sharges @ mail.ru электронды пошта арқылы сұраныс хатпен алуға болады.

    Аудиторлық ұйымдар рәсімге қатысу үшін өтінімдерін  мына мекен-жай бойынша ұсынады (жібереді): 161400, Түркістан облысы, Шардара қаласы, «Шардара СЭС» АҚ, Елмұратов көшесі, 13.

    Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2023 жылғы 12 маусым сағат 11-00 ге дейін.

    Қосымша  ақпарат  пен  анықтаманы  мына  телефондар  арқылы  алуға болады:          

    8(725-35) 2-11-45; 2-11-02

 

    

© 2024 АО «ШАРДАРА СЭС»