ҚОРҒАУШЫ ҚУАТЫНДА БОЛСЫН!

ҚОРҒАУШЫ ҚУАТЫНДА БОЛСЫН!

Жақында, 7-ші мамыр – Отан қорғаушы күні - қарсаңында, «Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ комитеті армия мен флотта әскерде болып, ел алдындағы борышын өтеген азаматтардың басын қосып, құттықтады.

Бүгіндері энергетик ретінде халыққа жарық сыйлайтын байырғы солдаттарға сыйлықтар тапсырылып, нәзікжанды әріптестерінің ыстық тілектері айтылды. Сонымен қатар Отан қорғаушы күні мерекесімен бірге келетін 9-шы мамыр – Жеңіс күні мерекесін лайықты қарсы алу мақсатында спорттың футбол түрінен цехаралық жарыс өткізілді. Жеңімпаз және қатысқан командаларға сый-сияпат жасалынды.

«Шардара су электр станциясы» АҚ-ы кәсіпкомы құрмет!

1

2

3

Қарттарым, аман-сау жүрші!

Қарттарым, аман-сау жүрші!

«Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 1 қазан -Қарттар күніне орай «Қарттарым, аман-сау жүрші!» деп ұрандатқан энергетиктер Қоғамда қажырлы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан жалғызілікті және мүмкіндігі шектеулі қарттарымызға көмекке барды.

Крянникова Валентина Александровнаның үйіне барып, қос білекті сыбанып жіберіп, асарлаттық. Қысқа дайындық есебінде ағаштарын кестік, су құбырларын тазалап, шаруашылығы мен тұрмысын жөнге келтірдік. Сонымен қатар Миронова Тамара Архиповнаның көшеден кіре беріс дарбазасы жөндеуден өткізіліп, сырланы. Үй жапсарлас салынған отын сақтау бөлмесінің шатыры жаңаланып, ауыстырылды. Ардагерлердің айтуынша, оларға қымбаты жәрдем емес, шәкірттерінің келіп, хал-жағдай сұрасқаны екен. Сондықтан болашақта қарттарымызға жиі-жиі барып тұруды әдетке айналдыру керек деп шештік.

Қол жәрдемінен тыс «Шардара су электр станциясы» Акционерлік қоғамында қайраты барында қажырлы еңбек еткен 36 зейнеткерімізге қаржылай көмек берілді. Жалпы босатылған қаражат 1 346 004 теңгені құрады.

Суретте: «Валентина Александровна шәкірттеріне дән риза».

«Мектепке жол»

«Мектепке жол» ізгіліктен басталады.
Тұрмыс жағдайы төмен отбасы балаларына көмек көрсету, оларды мектептегі оқу жылы қарсаңында толық қамтуға жағдай жасау мақсатында, «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының шеңберінде «Шардара су электр станциясы» Акционерлік қоғамы 5 баланы оқу жылына дайындады.
Біздің ұжым «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясына 10 жылдан бері үздіксіз қатысып келеді, және бұл игі шараға қатысуды дәстүрге айналдырғанбыз.
Әрбір оқушыға бөлінген қаражат биыл 40 000 теңгені құрады. Жалпы жұмсалған қаражат 200 000 теңгені құрайды.

«Шардара су-электр станциясы» АҚ кәсіподақ ұйымы         01 қыркүйек 2022 жыл

Cәбилерін қуантты

Жаздың алғашқы күнінің кешінде қалада «рахмет!» сөзі кем дегенде 121 рет айтылды.

Оның себебі, «Шардара су электр станциясы» АҚ кәсіподақ ұйымы 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесін атап өту мақсатында жылдағы дәстүр бойынша ұжымда еңбек ететін жұмыскерлердің 8 жасқа дейінгі 121 баласына 8 түрлі 121 дана ойыншықты табыстау үшін 171 400 теңгеге сатып алды.

Сатып алынған ойыншықтар балалардың ата – анасына тапсырылды. Олар болса, жұмыс аяқталысымен жүгіре басып үйлеріне бағыт алды.

Қос мереке – бір шара

                                                                                  Суретте: қыз қолымен тапсырылған сыйлық қандай!

 

                                                                                  Суретте: командалар шайқасқа сақадай сай тұр.

 

7-ші мамыр – Отан қорғаушысы күні қарсаңында «Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ комитеті армия мен флотта әскери қызметін өтеген азаматтарды құттықтады.

Құттықтауда Отанды қорғау – асқан шеберлікті қажетсінетін ауыр да мәртебелі іс екені атап өтіліп, қайсарлық, ерлік пен батылдық энергетик-солдаттардың бойында әрқашан табылатын болсын деген тілек айтылған.

Байырғы солдаттарға сыйлықтар тапсырылып, нәзікжанды әріптестерінің ыстық тілектері арналды. Сонымен қатар, Отан қорғаушысы күні мерекесімен бірге келетін 9-шы мамыр – Жеңіс күні мерекесін лайықты қарсы алу мақсатында футболдан цехаралық жарыс өткізілді. Жеңімпаз және қатысқан командаларға сый-сияпат жасалынды.

Профсоюзный комитет АО «Шардаринская ГЭС»

Бірлік бар жерде тірлік бар!

                                                                                  Суретте: Кәсіподақ – қай іске де мұрындық!

 

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні ауданымыздың орталығы Шардара қаласында түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау мақсатында мерекелік іс-шара өткізілді.

«Береке бастауы - бірлік, ел іші - тату тірлік» қағидасын ұстанған 3 ұлт өкілінен құралған «Шардара су электр станциясы» АҚ –ның еңбекшілері де өткізілген мерекелік шараға қатысты.

«Шардара CЭС» АҚ кәсіподақ комитеті

Бірлік бар жерде тірлік бар!

 

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні ауданымыздың орталығы Шардара қаласында түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау мақсатында мерекелік іс-шара өткізілді.

«Береке бастауы - бірлік, ел іші - тату тірлік» қағидасын ұстанған 3 ұлт өкілінен құралған «Шардара су электр станциясы» АҚ –ның еңбекшілері де өткізілген мерекелік шараға қатысты.

«Шардара CЭС» АҚ кәсіподақ комитеті          

Шардара СЭС жаңғырту жұмыстарынан кейін жобалық қуатына жетті

sharg2

Шардара СЭС нысаны жаңғырту жұмыстарынан кейін алғаш рет электр энергиясын өндіру бойынша 126 МВт көлемінде белгіленген қуат деңгейіне жетті, барлық 4 гидроагрегат жұмыс істеп тұр.

18 наурыздағы жағдай бойынша Сырдария өзені бассейнінің Қазақстан аумағында нөсер жауын-шашынға байланысты сулылық деңгейінің күрт өсуі байқалады. Шардара су қоймасына келетін су ағысы екі күнде 700-ден 1200 м3/с дейін артты.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің өкімі бойынша су қоймасының көлемін 4,8-5,0 млрд м3 деңгейінде ұстап тұру үшін Шардара ГЭС турбиналары арқылы су шығыны 700 м3/с дейін ұлғайтылды, осыған орай су электр станциясының генерациясы өзінің белгіленген қуатына жетті.  18 наурыздан бастап 400 м3/с көлеміндегі суды бос ағызуға жол ашылды, Қызылқұм каналына су тарту көлемі 80 м3/с дейін ұлғайтылды.

СЭС-тың ең жоғарғы өткізу қабілеті – 1995 м3/с. Шардара су қоймасының ең үлкен жобалық көлемі-5,2 млрд м3.

Естеріңізге сала кетсек, осы нысанға иелік ететін «Самұрық-Энерго» АҚ 2020 жылдың соңында Шардара СЭС-ін толық жаңғырту бағдарламасын аяқтаған болатын. Жалпы құны 38 млрд. теңге болатын жоба аясында станциядағы барлық төрт гидроагрегат ауыстырылды. Ауқымды жаңғырту СЭС қуатын 100-ден 126 МВт-қа дейін ұлғайтты. Жаңа гидроагрегаттар су электр станциясындағы электр энергиясын өндіруді жылына 480 млн кВт*сағ. 537 млн кВт * сағ-қа дейін ұлғайтты.

Шардара су электр станциясы 1967 жылы 100 МВт көлемінде белгіленген қуат күішмен және төрт гидроагрегатпен пайдалануға берілген болатын. Норматив бойынша қызмет ету мерзімі 25 жыл болса, станция 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді, бұл оның технологиялық жабдығы 100%-ке тозуына әкеп соқтырды. Жүргізілген жаңғырту жұмыстары су станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұзартып, СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырып отыр.

Жобаның электр қуатына деген тапшылық байқалатын Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз ету және өңірдегі су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттырудағы маңызы зор.

ЖАУҚАЗЫН ҚЫЗДАР БАР БОЛА БЕРСІН!

«Шардара су электростанциясы» АҚ-ы ұжымында көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күніне орай, ұжымда еңбек ететін қыз-келіншектерді мерекесімен құттықтау іс – шарасы өткізілді.

Іс шара барысында әкімшілік пен кәсіподақ комитетінің өкілдері мереке иелеріне көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болуларына, бақытты да баянды өмір кешулеріне, дендеріне саулық, отбасыларына құт-береке, ауызбіршілік пен амандық тіледі.

«Шардара су-электр станциясы» АҚ кәсіподақ ұйымы         14  наурыз 2022 жыл

© 2024 АО «ШАРДАРА СЭС»