ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

Шардара қаласында Кеңес әскері шектеулі контингентінің Ауған елінен шығарылғанына 33 жыл толуына байланысты жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанды сүюге, қорғауға даярлау, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында «Ерлікке тағзым» әскери-патриоттық апталығы өткізілді.

Бұл іс–шараға «Шардара су электр станциясы» АҚ тарапынан кәсіподақ комитетінің төрағасы Әлмахан Аманов қатысты. Ауған соғысына қатысқан, бүгінде Шардара қаласында тұратын сегіз жауынгердің отбасы ай сайын пайдаланған 250 киловатт электр энергиясының құнын «Шардара су электр станциясы» АҚ өтейді.

«Шардара су электр станциясы» АҚ кәсіподақ комитеті                                 14 наурыз 2022 жыл

© 2024 АО «ШАРДАРА СЭС»