Шардара қаласында  «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамы басқармасының кеңейтілген мәжілісі 2020 жылғы 17 наурызда өтті. Мәжілісте Басқарма мүшелері Ә.Ә. Берлібаев (Басқарма Төрағасы), Басқарма Төрағасының орынбасары – Бас инженер С. М. Саймано

Шардара қаласында  «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамы басқармасының кеңейтілген мәжілісі 2020 жылғы 17 наурызда өтті. Мәжілісте Басқарма мүшелері Ә.Ә. Берлібаев (Басқарма Төрағасы), Басқарма Төрағасының орынбасары – Бас инженер С. М. Сайманов, Басқарма Төрағасының қаржы-экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Ә. Б.Үсіпбек қатысты. Мәжілісте Ә.Ә. Берлібаев төрағалық жасады.        

     Мәжіліске коронавирус инфекциясының таралуынан эпидемиологиялық ахуалдың асқынып бара жатуына байланысты жедел жауап беру және алдын алу шараларын көру мақсатында Қоғамда құрылған штаб мүшелері де қатысып отырды.

     Күн тәртібінде Дүние жүзінде пандемия деп жарияланған коронавирус (штамм 2019-nCoV) инфекциясының Қазақстан Республикасына да таралуынан эпидемиологиялық ахуалдың асқынып бара жатуына байланысты жедел жауап беру және алдын алу шараларын көру туралы мәселе қаралды.

            Осы мәселе бойынша Басқарма Төрағасы Ә.Ә. Берлібаев төмендегіні мәлімдеді:

          Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус (штамм 2019-nCoV) инфекциясын пандемия деп жариялады. Бұл дерт бүкіл адамзатқа қатер төндіріп келе жатыр. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.К. Тоқаев елімізде Төтенше жағдай жариялады.

 Коронавирустың Қазақстан Республикасына да таралуынан эпидемиологиялық ахуалдың асқынып бара жатуына байланысты «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының 13.03.2020 ж. №29-б бұйрығы шықты және «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасының Офис Жетекшісінің 16.03.2020 ж. №08-01-26/760 хатында осы бұйрыққа сәйкес орындалуы тиіс шұғыл тапсырмалар беріліп отыр.

Біз коронавирустың алдын алу және оған жол бермеу жөнінде іс-шаралар жоспарын және осы бағытта жұмыс жүргізетін штаб құрдық.

Енді өз еңбек ұжымымызда адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін вирусқа қарсы шаралар атқаруға тиісті медициналық-санитарлық, дезинфекциялық және антисептик құралдар мен қосымша заттарды жедел түрде сатып алып, күнделікті қолданып отыруымыз талап етіледі. 

Сондықтан кәсіпорын есебінен аталған мақсатқа жұмсау үшін тиісті қаржы бөлуді және ол қаржыны кәсіподақ комитетінің  есеп-шотына аударып беру туралы шешім қабылдауды ұсынамын. Қаржы мақсатқа сай жұмсалуын қатаң бақылауға алынуы тиіс.

Осы ұсыныс Басқарма мүшелері С.М. Сайманов және Ә. Б. Үсіпбек және штаб мүшелері тарапынан толық қолдау тапты.

           Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу және оның алдын алу шараларына қажетті медициналық-санитарлық, антисептик құралдар мен қосымша заттарды сатып алу үшін кәсіпорын есебінен тиісті мөлшерде қаражат бөлінді және осы қаржыға қажетті құралдар сатып алынып, қолданысқа енгізілді.

                                                              ХХХХХХХ

Дүние жүзінде пандемия деп жарияланған коронавирус (штамм 2019-nCoV) инфекциясының Қазақстан Республикасына да таралуынан эпидемиологиялық ахуалдың асқынып бара жатуына байланысты жедел жауап беру және алдын алу шараларын көру үшін «Шардара су электр станциясы» АҚ – да құрылған штаб құрамы:

Ә. Берлібаев – Басқарма Төрағасы;

С. Сайманов – Басқарма Төрағасының орынбасары – Бас инженер;

Ә. Үсіпбек – Басқарма Төрағасының қаржы-экономикалық мәселелер бойынша орынбасары;

Ә. Аманов – қамтамасыз ету басқармасының бастығы, кәсіподақ комитетінің төрағасы;

Е. Шойбеков – өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы;

Н. Сахова  – бас бухгалтер;

Б. Тұтқабаев – жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы;

М. Қанжігітов – заң басқармасының бастығы;

Қ. Лесбеков – өндірістік-техникалық бөлім бастығының орынбасары (Штаб хатшылығын қоса атқарады);

Ү. Құралбай – баспасөз хатшысы.

                          ХХХХХХХХХ

«Шардара су электр станциясы» АҚ – ның  коронавирус инфекциясының алдын алу және оның таралуына жол бермеу бойынша іс-шаралар жоспары

№№

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

1.

Дүние жүзінде пандемия деп жарияланған коронавирус (штамм 2019-nCoV) инфекциясының Қазақстан Республикасына да таралуынан эпидемиологиялық ахуалдың асқынып бара жатуына байланысты оның алдын алу және таралуына жол бермеу мәселелері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ–ның Штабымен және мемлекеттік органдармен,Шардара ауданы, Түркістан облысы әкімдіктерімен бірлескен іс-қимылдар жасауға өкілетті адамдарды белгілеу

16.03.2020 ж.

Ә. Берлібаев

С. Сайманов

 Ә. Үсіпбек

2.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирустық инфекцияның жаңа түрінен қорғану бойынша талаптарын Қоғам қызметкерлеріне таныстырып, жеткізіп беру

16.03.2020 ж.

Ә. Аманов

Е. Шойбеков

Ү. Құралбай

3.

Адамдармен жанаспайтын (контакт болмайтын) медициналық термометр сатып алу, Қоғамдағы қызметкерлер мен сырттан келушілерді жанаспайтын термометрия жасап отыру (қажет болса)

Тұрақты

С. Сайманов

 Ә. Үсіпбек

Ә. Аманов

4.

Қоғамға адамдардың қолдарын антисептикпен өңдейтін санитайзерлер сатып алып, орнату

16.03.2020 ж.

Ә. Аманов

Н. Сахова  

5.

Қазақстан Республикасы бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 наурыздағы № бұйрығына сәйкес қолайсыз эпидемиологиялық ахуал орнаған елдерге іссапарларды және ел ішіндегі қызметтік іссапарларды шектеу

 

Ә. Берлібаев

С. Сайманов

 Ә. Үсіпбек

6.

Адамдарды көп жинайтын салтанатты, мәдени-көпшілік шаралар өткізуді шектеу

Тұрақты

Ә. Берлібаев

С. Сайманов

 Ә. Үсіпбек

Ә. Аманов

7.

Қоғам қызметкерлеріне жұмыстан тыс кезде адамдар көп жиналатын жерлерге баруды шектеуге кеңес беру

Тұрақты

Ә. Берлібаев

С. Сайманов

 Ә. Үсіпбек

Ә. Аманов

Е. Шойбеков

Н. Сахова  

Б. Тұтқабаев

М. Қанжігітов

Қ. Лесбеков

Ү. Құралбай

8.

Қоғамға сырттан келушілерді шектеу

Тұрақты

Ә. Берлібаев

С. Сайманов

Ә. Үсіпбек

Ә. Аманов

9.

Қоғамдағы жұмыс орындарында жаңа коронавирустан сақтану жөніндегі хабарламаларды көрнекі құралдар ретінде орналастырып қою

16.03.2020 ж.

Ә. Аманов

Е. Шойбеков

Н. Сахова  

Б. Тұтқабаев

М. Қанжігітов

Қ. Лесбеков

Ү. Құралбай

10.

Қоғамдағы қызметтік бөлмелерді, жиһаздарды, есіктер мен олардың тұтқаларын дезинфекциялық арнайы құралдармен өңдеп отыруды қатаң жүргізу

Тұрақты

С. Сайманов

 Ә. Үсіпбек

Ә. Аманов

Е. Шойбеков

© 2024 АО «ШАРДАРА СЭС»