«Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамы   Басқармасының Төрағасы туралы

«Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамы  

Басқармасының Төрағасы туралы

«Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) жалғыз акционері – «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы басқармасының  2020 жылғы 11 ақпандағы шешімімен (№3 хаттама) Қоғамның Басқарма Төрағасы қайта сайланды.

Бақытбек Қайыпжанұлы Жаңабаевтың Қоғам Басқармасының Төрағасы ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Осы шешіммен Әнуар Әмірбайұлы Берлібаев Қоғам Басқармасының Төрағасы лауазымына сайланды.

Қоғам Басқармасының Төрағасы Әнуар Әмірбайұлы Берлібаев өзінің лауазымдық міндеттерін атқаруға кірісті.

 

Әнуар Әмірбайұлы Берлібаевтың өмірбаяндық деректері

2 1

Әнуар Әмірбайұлы Берлібаев, 1976 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары, 1999 жылы Алматы қаласында Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетін тау-кен инженері электромеханик біліктілігі бойынша және 2015 жылы Халықаралық бизнес академиясын іскерлік әкімшілік магистрі біліктілігі бойынша бітірген.

Өндірістік кәсіпорындарда қызмет атқара жүріп, қазақстандық және халықаралық сертификаттаулар бойынша және біліктілігін көтеру курстарында оқып, оларды дәлелдейтін дипломдар мен куәліктер алған.

Еңбек жолын Алматы қаласында банк саласында бастаған.

Мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі 20 жылдан асады, оның ішінде өндірістік компаниялардағы басшылық лауазымдарда 11 жылдан асады:

 «Станция Экибастузская ГРЭС-2» АҚ– ның Басқарма Төрағасы 2019 жылғы наурыздан 2020 жылдың ақпанына дейін;

«Мойнақ СЭС» АҚ – ның Басқарма Төрағасы (Бас директор) – 2014 жылдың шілдесінен 2019 жылдың ақпанына дейін;

«Маңғыстау таратушы электр желілік компаниясы» АҚ – ның Басқарма Төрағасы, 2011 жылдың наурызы – 2014 жылдың шілдесі.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары (2008-2009 ж.ж.), «Алматы Пауэр Консолидейтед» АҚ – да 2001-2008 жылдары атқарушы директор, коммерциялық директор, қаржылық директор, құрамдас бөлімшелерінің басшысы қызметтерінде болды.

Еңбектегі оң жетістіктері үшін мына наградаларға ие болған:

«Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерейтойлық медалі, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты, «ТМД еңбек сіңірген энергетигі», KAZENERGY медалі,  Солнечный поселкесі әкімінің және Екібастұз қаласы әкімінің Алғыс хаттары.

© 2024 АО «ШАРДАРА СЭС»