2026 жылғы 21 тамызда «Шардара ГЭС» АҚ кәсіподақ ұйымы кәсіпорын қызметкерлерінің отбасыларын қолдау шеңберінде алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған 27 балаға мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарлары жиынтығын жалпы сомасы 405 000 теңгеге сатып алып, ата-аналарына табыс етті.
Сонымен қатар, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында Кәсіподақ ұйымы табысы төмен отбасыларда тәрбиеленетін Шардара қаласының М.Горький атындағы мектебінің 5 оқушысына көмек көрсетті. Олар үшін жалпы сомасы 250 000 теңгеге мектеп сөмкелері, кеңсе тауарлары және мектеп формасы сатып алынып, табысталды.
«Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ ұйымы



