Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Шардара ГЭС» АҚ Жастар кеңесі қоршаған ортаны қорғау мәдениетін арттыруға және табиғат тазалығын сақтауға бағытталған «Таза жағалау» экологиялық акциясын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Қоғамның жас мамандары жағалау аумағын тазалау жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтарды жинап, жағалау сызығын қоқыстан тазартты. Акция қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға қосылған нақты үлес қана емес, сонымен қатар табиғатқа ұқыпты қараудың жарқын үлгісі болды.
Іс-шараға қатысушылар қоршаған ортаны сақтау әрбір адамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Осындай акцияларды өткізу экологиялық сананы қалыптастыруға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәдениетін дамытуға және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назарын аударуға ықпал етеді.
«Шардара ГЭС» АҚ тұрақты даму және экологиялық жауапкершілік қағидаттарына ерекше мән береді. «Таза жағалау» акциясының өткізілуі Қоғамның қоршаған ортаны қорғау қағидаттарына адалдығын және жастардың экологиялық бастамаларды іске асыруға белсенді қатысуын тағы бір мәрте көрсетті.
Акцияға қатысқан барлық қызметкерлерге белсенді азаматтық ұстанымы, бастамашылдығы және туған өлкенің тазалығын сақтауға қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз.


