Басты бет / Сәйкестік жөніндегі қызметкер

Сәйкестік жөніндегі қызметкер

Шұғыл желі

«Шардара СЭС» АҚ Шұғыл желі заңнаманы және/немесе Мінез-құлық кодексін болжамды бұзушылықтар, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, құпия және инсайдерлік ақпаратты рұқсатсыз жария ету жағдайлары туралы хабарлау арнасы болып табылатынын хабарлайды. Өнімдер мен қызметтерге байланысты сұрақтар бойынша, сондай-ақ «Шардара СЭС» АҚ басшылығына ресми өтініш білдіру үшін корпоративтік сайтта көрсетілген байланыс деректерін пайдалану қажет. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының тапсырыс берушісінің, ұйымдастырушысының, конкурстық комиссиясының, сараптамалық комиссиясының, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес zakup.sk.kz сатып алу веб-порталы арқылы берілуі тиіс.

Шұғыл желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары, соның ішінде сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік (дискриминация), әдепсіз мінез-құлық фактілері және басқа да бұзушылықтар туралы хабарлай аласыз.

 

Біз кепілдік береміз

Құпиялылық пен анонимділік. Өтініштердің 100% қарастырылуы.

 

 

 

Комплаенс — офицер Тенгебаев Бегмукамбет Темиралиевич

Табысты және орнықты компания сенімге негізделеді. Акционерлер, инвесторлар мен серіктестер үшін компанияның адал, ашық және жауапты бизнес жүргізуі маңызды. Осыған байланысты «Шардара СЭС» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және адал іскерлік қағидаттарды сақтау мәселелеріне ерекше мән бере отырып, өз қызметін халықаралық үздік комплаенс-тәжірибелерге сәйкес жүзеге асырады.

Комплаенс — офицер «Шардара СЭС» АҚ  Директорлар кеңесіне есеп береді, «Шардара СЭС» АҚ Басқармасына тәуелді емес және өз міндеттерін орындау үшін қажетті өкілеттіктерге ие әрі ресурстармен қамтамасыз етілген.

Комплаенс — офицер қызметінің негізгі мақсаты – Комплаенс бағдарламасын енгізу және іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған іс-шаралардың орындалуына бақылау жүргізу.

Комплаенс — офицерінің қызметтік міндеттеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және мониторинг жүргізу, оларды азайту бойынша ұсынымдар әзірлеу, іскерлік әдеп қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ «Шардара СЭС» АҚ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыру кіреді

 

 

Loading