Басты бет / «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы: Сырдария өзенінің жағалауында

«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы: Сырдария өзенінің жағалауында

2026 жылғы 26 қыркүйекте «Шардара СЭС» АҚ Жастар кеңесі «Мөлдір бұлақ» бастамасы аясында экологиялық акция ұйымдастырды. Іс-шара барысында Қоғамның жас мамандары Сырдария өзенінің жағалау аумағын тазарту жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтарды жинады және жағалау сызығын ретке келтірді.

Өткізілген акция қоршаған аумақтың тазалығын сақтауға және оның экологиялық жағдайын жақсартуға қосылған практикалық үлес болды. Сонымен қатар, іс-шара Қоғам қызметкерлері арасында экологиялық мәдениет пен табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етті.

Іс-шараға экологиялық бастаманы қолдап, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосқан «Шардара СЭС» АҚ-ның 10-ға жуық қызметкері қатысты.

 

Loading