2026 жылғы 24-25 сәуірде «Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ комитеті жастар кеңесімен бірлесіп, Қазақстан халқының бірлігі күні және Ұлы жеңіс күні мерекелеріне орай спорттың бес түрі бойынша цехаралық жарыстар ұйымдастырып, өткізді.
Спорттық бағдарламаға шағын футбол, армрестлинг, асық ату, шахмат, үстел теннисі кірді. Жарысқа дайындықтың жоғары деңгейін, ұйымшылдықты, командалық рухты және жеңіске деген ұмтылысты көрсеткен станцияның бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Барлық жарыстарда достық пен салауатты бәсекелестік атмосферасы орнады.
Жарыс қорытындысы бойынша әр спорт түрінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Барлық жүлдегерлерге «Шардара ГЭС» АҚ кәсіподақ комитетінен ақшалай сыйлықтар табысталды.
Мұндай іс-шараларды өткізу корпоративтік мәдениетті нығайтуға, бұқаралық спортты дамытуға және кәсіпорын қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталғанын көрсетеді.





