2026 жылғы 18 қыркүйекте «Шардара СЭС» АҚ-да «Көгалдандыру күні» экологиялық бастамасы аясында Қоғамның жұмыс кеңістіктерін көгалдандыру бойынша іс-шара ұйымдастырылды.
«Шардара СЭС» АҚ қызметкерлері іс-шараға белсенді қатысып, жұмыс кабинеттері мен үй-жайларды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бөлме өсімдіктерін орналастыру және оларға күтім жасау арқылы жайлы әрі қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
«Көгалдандыру күнін» өткізу қызметкерлер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға, сондай-ақ Қоғамның жұмыс кеңістіктерінде неғұрлым жайлы әрі қолайлы жағдай жасауға бағытталды.

