Басты бет / Допты теуіп, жүрекке тоқыдық

Допты теуіп, жүрекке тоқыдық

2026 жылғы 23-24 қазанда кәсіподақ комитеті «Шардара СЭС» АҚ жастар кеңесімен бірлесіп, 25 Қазан — Республика күні мерекесіне орай спорттың төрт түрі бойынша цехаралық жарыс ұйымдастырып, өткізді.

Шағын футбол, асық ату, шахмат, үстел теннисі сияқты танымал түрлер жарыс бағдарламасын түзді. Жарысқа дайындықтың жоғары деңгейін, ұйымшылдықты, командалық рухты және жеңіске деген ұмтылысты көрсеткен Станцияның әртүрлі бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Барлық жарыстарда достық пен салауатты бәсекелестік атмосферасы орнады.
Жарыс қорытындысы бойынша әр спорт түрінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Оларға «Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ комитеті ақшалай сыйлық табыстады.
Мұндай іс-шараларды өткізу корпоративтік мәдениетті нығайтуға, бұқаралық спортты дамытуға және кәсіпорын жұмыскерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

«Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ комитеті

Loading