Басты бет / Дипломмен – жарқын болашаққа

Дипломмен – жарқын болашаққа

2026 жылдың 30 маусымында Шардара қаласындағы №16 колледжде бітірушілерді марапаттау рәсімі өтті. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында колледжде оқуын сәтті аяқтаған «Шардара су электр станциясы» АҚ қызметкерлеріне де орта кәсіптік білім туралы дипломдар табысталды.

Колледж директоры түлектерді дипломдарын алуларымен құттықтап, оларға кәсіби мансабында табыс тіледі және «Шардара су электр станциясы» АҚ командасының Қазақстанның энергетикалық секторын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Сондай-ақ, ол колледж бен компания арасындағы жемісті ынтымақтастықтың одан әрі жалғасуына үміт білдірді.

Loading