Басты бет / Болашақ ұрпаққа қамқорлықпен!

Болашақ ұрпаққа қамқорлықпен!

2026 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Шардара СЭС» АҚ-ның Кәсіподақ комитеті Қоғам қызметкерлерінің балаларын мерекемен құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

Барлығы 121 бала сыйлыққа ие болды. Осы мақсатқа Кәсіподақ комитеті тарапынан шамамен 400 мың теңге қаражат бөлінді.

Мұндай іс-шараларды өткізу игі дәстүрге айналып, қызметкерлердің отбасыларына қолдау көрсетуге, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлауға және Қоғамның корпоративтік құндылықтарын нығайтуға бағытталған.

«Шардара СЭС» АҚ-ы барлық балалар мен олардың ата-аналарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақыт, амандық және көңілді жазғы демалыс тілейді!

Loading