2026 жылғы 6 қазанда «Шардара СЭС» АҚ-да кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар гидроэлектр станциясына барып, энергетикалық кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен танысуға, өндірістік нысандарды көруге және электр энергиясын өндіру процесінің қалай жүзеге асырылатыны туралы білуге мүмкіндік алды.
Оқушылар үшін станция аумағында таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылып, оның барысында негізгі өндірістік процестер, гидроагрегаттардың жұмысы, сондай-ақ гидроэлектр станциясының өңірді сенімді энергиямен қамтамасыз етудегі рөлі туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында энергетика саласындағы мамандықтарға ерекше назар аударылды. Оқушыларға инженерлік-техникалық мамандардың, жедел және жөндеу персоналының қызметі, сондай-ақ заманауи энергетикалық кәсіпорында жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдылар туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар оқушылар станция қызметкерлеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, энергетика саласындағы кәсіби даму және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Мұндай іс-шараларды өткізу оқушыларға мамандықтар әлемінде дұрыс бағдарлануға, болашақ мамандығын таңдауға саналы түрде қарауға және энергетика саласындағы мамандардың күнделікті жұмысының ерекшеліктері туралы нақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Шардара СЭС» АҚ жастарға энергетика саласын таныстыруға, сондай-ақ техникалық және инженерлік мамандықтарды дәріптеуге бағытталған кәсіптік бағдар беру бастамаларын қолдауды жалғастырады.


