Басты бет / «Автокөліксіз күн»: «Шардара СЭС» АҚ қызметкерлері экологиялық бастаманы қолдады

«Автокөліксіз күн»: «Шардара СЭС» АҚ қызметкерлері экологиялық бастаманы қолдады

2026 жылғы 21 қыркүйекте «Шардара СЭС» АҚ-да «Автокөліксіз күн» экологиялық бастамасы аясында қызметкерлердің экологиялық жауапкершілігін арттыруға және жеке автокөлікті пайдалануды азайтуға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды.

Осы күні Қоғам қызметкерлері аталған бастаманы қолдап, жұмысқа жеке автокөлік құралдарын пайдаланбай келді. Акцияны өткізу қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аударуға, автокөліктен шығатын шығарындыларды азайтуға және қызметкерлер арасында экологиялық жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етті.

Loading