Басты бет / Сәйкестік жөніндегі қызметкер

Сәйкестік жөніндегі қызметкер

Комплаенс — офицер Тенгебаев Бегмукамбет Темиралиевич

Табысты және орнықты компания сенімге негізделеді. Акционерлер, инвесторлар мен серіктестер үшін компанияның адал, ашық және жауапты бизнес жүргізуі маңызды. Осыған байланысты «Шардара СЭС» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және адал іскерлік қағидаттарды сақтау мәселелеріне ерекше мән бере отырып, өз қызметін халықаралық үздік комплаенс-тәжірибелерге сәйкес жүзеге асырады.

Комплаенс — офицер «Шардара СЭС» АҚ  Директорлар кеңесіне есеп береді, «Шардара СЭС» АҚ Басқармасына тәуелді емес және өз міндеттерін орындау үшін қажетті өкілеттіктерге ие әрі ресурстармен қамтамасыз етілген.

Комплаенс — офицер қызметінің негізгі мақсаты – Комплаенс бағдарламасын енгізу және іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған іс-шаралардың орындалуына бақылау жүргізу.

Комплаенс — офицерінің қызметтік міндеттеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және мониторинг жүргізу, оларды азайту бойынша ұсынымдар әзірлеу, іскерлік әдеп қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ «Шардара СЭС» АҚ қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыру кіреді

 

 

Loading