Басты бет / Қоғамда Zero Harm Week («Нөлдік жарақаттану апталығы») корпоративтік науқаны басталды

Қоғамда Zero Harm Week («Нөлдік жарақаттану апталығы») корпоративтік науқаны басталды

Біздің Қоғамда жыл сайынғы Zero Harm Week («Нөлдік жарақаттану апталығы») корпоративтік науқаны ресми түрде басталды. Бұл — еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жылдың басты оқиғасы.

Науқанның басты мақсаты — әрқайсымызға қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы біздің басты басымдығымыз екенін, ал өндірістегі және офистегі оқиғалардың басым бөлігінің алдын алуға болатынын және қажет екенін тағы бір мәрте еске салу.

Апталықтың тұжырымдамасы мен басты тақырыптары

Биылғы науқан «Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады» ұранымен өтуде.

Апта бойы Қоғамның барлық бөлімшелері мен өндірістік алаңдарында өндірістік қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған іс-шаралар өтеді:

  • Басшылықтың жеке үлгісі: Желілік аралауларды, қауіпсіздік туралы диалогтарды (SAFETY TALK) және ұжыммен ашық кездесулерді өткізу.
  • Көшбасшылық пен жауапкершілік: Vision Zero («Нөлдік жарақаттану») тұжырымдамасын талдау және «Қауіпсіздіктің алтын ережелерін» қайталау.
  • Тәуекелдерді басқару: Жұмыс орындарындағы қауіпті факторларды анықтау және ЖҚҚ (жеке қорғаныс құралдарын) дұрыс қолдану бойынша шеберлік сыныптары.
  • Денсаулық пен экологияға қамқорлық: Жұмыс орнындағы менталды және физикалық денсаулық туралы дәрістер, сондай-ақ компанияның экологиялық бастамалары.

Осы аптада қызметкерлерді не күтеді?

Әрбір қызметкерді Zero Harm Week бағдарламасына белсенді қатысуға шақырамыз:

  1. Интерактивті тренингтер мен вебинарлар — қауіпсіздік және үнемді өндіріс мәдениеті сарапшыларымен кездесу.
  2. «Қауіпсіздік бойынша үздік идея» конкурсы — еңбек жағдайларын жақсарту бойынша өз шешіміңізді ұсынып, корпоративтік марапатқа ие болу мүмкіндігі.
  3. Практикалық оқу-жаттығулар мен шеберлік сыныптары — алғашқы көмек көрсету және төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын шыңдау.
  4. Қауіпсіздік мәдениеті бойынша сауалнама — порталдағы қысқаша анонимді сауалнамадан өтіп, жұмыс ортамызды жақсартуға үлес қосыңыз.

Басшылықтың атынан:

«Бiз тиімді әрі табысты компания — бұл ең алдымен қауіпсіз компания екеніне сенімдіміз. Ешқандай өндірістік көрсеткіш адамның денсаулығы мен өмірінен қымбат емес. Zero Harm Week — бұл жай ғана формальды іс-шара емес, бұл бір-бірімізге деген ортақ жауапкершілігімізді еске салу. Бiз әрбір қызметкердің күн сайын үйіне, өз отбасына аман-есен әрі деуі сау болып оралуын қалаймыз».

Loading