1. Акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу – жоспарланбаған.
2. Материалдық емес активтерді сатып алу – жоспарланбаған.
3. Негізгі құралдарды сатып алу. 2026 жылы трансформаторларды орнату бойынша жұмыстарды сатып алу, жасанды интеллектіні қолдана отырып бейнебақылау жүйесін жаңғырту, табиғатты қорғау жобалау жұмыстары, Шардара су қоймасының су тастағыш бөлігінің төменгі бьефінде Сырдария өзенінің оң жағалауын бекіту жұмыстары және т.б. жоспарлануда.
«Шардара СЭС-ын жаңғырту» жобасы
Шардара СЭС-ын жаңғырту 2010 жылдан 2020 жылдар кезеңінде жүзеге асырылды.
Жоба мақсаты:
Моральдық және физикалық тұрғыдан тозған жабдықты ауыстыру;
Станцияның орнатылған қуатын арттыру;
Пайдалану сенімділігін арттыру және апаттық жағдайлар тәуекелін төмендету;
Жабдықтарды жөндеу мен пайдалану шығындарын азайту арқылы станция қызметінің тиімділігін арттыру.
Жаңғыртудың нәтижелері:
Станцияның пайдалану мерзімін 35–40 жылға дейін ұзарды;
Орнатылған қуаты 100-ден 126 МВт-қа дейін артты;
Жобаны қаржыландыру станцияның өз қаражаты есебінен, сондай-ақ өзара тиімді шарттар негізінде тартылған шетелдік капитал арқылы жүзеге асырылды.
Жобаның жалпы сомасы ҚҚС-сыз 36,139 млрд. теңгені құрады, оның ішінде кредиттік қаражат 25,870 млрд.теңгені құрады.
Ағымдағы жағдай:
2007 жылдың басынан бастап Шардара СЭС-ның (47 жыл пайдалануда болған) гидротехникалық құрылыстары мен жабдықтарының жалпы жағдайына тексеріс жүргізілді. Соның негізінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді.
2010 жылдан бастап станцияның өз қаражаты есебінен АТҚ-110 кВ-ты көшіру, оң жақ жағалаудағы сырғыма аймағын жою, сондай-ақ көмекші жабдықтарды жаңарту жұмыстары атқарылды. Бұл негізгі жабдықтарды — генераторлар мен турбиналарды ауыстыруға дайындық шарасы болды.
Жоба бойынша тартылған Кеңесшілермен бірлесіп, негізгі лотқа арналған ЕРС-шарттың (жобалау, жабдықтау және құрылыс) тендерлік құжаттамасы дайындалды.
Бұл лот келесі жұмыстарды қамтыды:
Генераторларды, турбиналарды және қосалқы механикалық құрылғыларды ауыстыру;
Басқару жүйесін, релейлік қорғау мен қосалқы электр құрылғыларын ауыстыру.
2012 жылғы тамызда Еуропа қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) 9,15 млрд. теңге көлемінде несие туралы келісім жасалды, кейін жалпы несие сомасы 25,870 млрд теңгені құрайтын қосымша келісім жасалды.
Халықаралық ашық екі кезеңді тендер нәтижесінде австрия компаниясы “Andritz Hydro” жеңімпаз деп танылды. Компания турбиналар мен генераторларды жобалау және өндіру, басқару мен релейлік қорғау жүйелерін әзірлеу саласындағы озық микропроцессорлық технологияларымен танымал.
Қазіргі уақытта Шардара СЭС-ы толық жаңартылған жабдықтармен жұмыс істейді және су мол маусымдарда белгіленген толық қуатына тұрақты түрде шыға алады.