Басты бет / «Шардара ГЭС» АҚ жедел желісі

«Шардара ГЭС» АҚ жедел желісі

«Самұрық-Қазына» АҚ өзінің беделін бағалайды және өз қызметкерлері мен контрагенттерінің этика мен адалдықтың жоғары стандарттарын сақтауын талап етеді.​

                Қолданыстағы заңнаманы, бизнесті жүргізудің базалық қағидаттарын немесе «Самұрық-Қазына» АҚ мінез-құлық кодексін болжамды бұзушылықтар туралы хабардар ету, сондай-ақ мұндай бұзушылықтарға уақтылы ден қою біздің компанияның беделін қорғау үшін маңызды.​

                Бастамашыл ақпараттандыру саясатына сәйкес, Сіз «Самұрық-Қазына»АҚ-ның бизнесті жүргізудің базалық қағидаттарын немесе мінез-құлық кодексін ұрлау, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық және басқа да бұзушылықтардың орын алған немесе болжанған фактілері туралы хабарлай аласыз,​ электрондық поштаға хабарлама жіберу арқылы электрондық пошта мекенжайы спам-боттардан қорғалған.

                Браузерде мекенжайды көру үшін Javascript қосулы болуы керек.; немесе

                Интернет-портал: www.sk-hotline.kz; немесе

                Whatsapp: +7 771 191 88 16; немесе

                8 800 080 47 47 нөміріне қоңырау шалу арқылы​​ жібере аласыздар

                Барлық хабарламаларды тәуелсіз компания қабылдайды және өңдейді.​

Сенім телефонына келіп түскен хабарламалар кәсіби және құпия қарауды қамтамасыз ететін Қордың жауапты қызметкерлеріне берілетін болады. Хабарламаңызды тиімді өңдеу үшін сізден байланыс ақпаратын қалдыру сұралады, бірақ сіз анонимді хабарлама қалдыра аласыз.

Барлық анонимді хабарламалар қарастырылады.​ Сенім телефоны Қор қызметкерлеріне, Қордың еншілес ұйымдарының қызметкерлеріне, жеткізушілерге және серіктестерге қол жетімді.​

Сенім телефонының жұмысы туралы толығырақ ақпарат алу үшін «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімін қараңыз.​ ​

Ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

Loading