Басты бет / Конституция ел тірегі!

Конституция ел тірегі!

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум арқылы қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіру мақсатында «Шардара су электр станциясы» АҚ-ның ұжымымен арнайы кездесу өтті. Іс-шара барысында қызметкерлерге Ата заңдағы негізгі өзгерістер мен оның ел дамуына тигізетін ықпалы жан-жақты түсіндірілді.

Кездесуде сөз алған «Шардара СЭС» АҚ-ның заң кеңесшісі Б.Н.Сындаров жаңа Конституцияның басты мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру екенін атап өтті.

Сонымен қатар, референдум арқылы қабылданған жаңа құжатта халықтың мүддесіне бағытталған бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылғаны айтылды.

Жиында энергетика саласы қызметкерлерінің ел экономикасындағы маңызы ерекше екені атап өтіліп, жаңа Конституция аясында еңбек адамының мәртебесін көтеруге бағытталған бастамалар сөз болды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, Конституциялық реформаларға қатысты пікір алмасты.

Loading