2025 жылғы 04 қыркүйекте «Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ ұйымы Жұмысшы кәсібінің жылы аясында Қоғам жұмыскерлері балаларының арасында сурет салудан конкурс өткізді.
Конкурс 3 номинация бойынша жүргізілді:
1) 3 жастан 7 жасқа дейінгі балалар арасында — «Менің отбасым табиғат аясында»;
2) 8 жастан 12 жасқа дейінгі балалар арасында – «Менің отаным – Қазақстан!»;
3) 13 жастан 16 жасқа дейінгі балалар арасында – «Мамандығым –Энергетик!».
3 номинация бойынша жеңімпаздар комиссия шешімімен анықталып, әр номинацияда 1, 2, 3 орындар белгіленді. Жеңімпаздардың қаламақысы ата-аналарының картасына аударылды.
«Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ ұйымы