Бүгінде бір баланың киімін бүтіндеп, жоғын түгендеудің өзі әжептеуір жүк болса, жартымсыз жалақысына қай тесікті бітеуді білмей басы қатып жүргендер қаншама?! Осындайда қол ұшын созған жанға жүректен толғап алғыс айтпай көр!
2025 жылғы 29 тамызда «Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ ұйымы ұжымда еңбек ететін жұмыскерлердің алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған 23 бүлдіршініне арнап жалпы сомасы 322 000 мың теңгеге сөмке және кеңсе тауарлары сатып алып, ата-анасына тапсырды.
«Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ ұйымы

