Жаңа жыл қарсаңында «Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ ұйымы дәстүрлі түрде Қоғам қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Осы бастама аясында Балаларға қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлаған жаңа жылдық тәтті сыйлықтар табыс етілді.
Мұндай іс-шаралар жақсы дәстүрге айналды және қызметкерлер мен олардың отбасыларын қолдауға, сондай-ақ корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған. Кәсіподақ ұйымы қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға және ұжымда қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударады.
Ата-аналар кәсіподақ ұйымына жұмысшылардың балаларына көңіл бөліп, отбасыларына қамқорлық жасағаны үшін шын жүректен алғыстарын білдірді. Жарқын сыйлықтар мен мерекелік атмосфера балалар үшін жағымды тосын сый болды және оларға жаңа жылдық мерекелер туралы жақсы естеліктер қалдырды.
«Шардара ГЭС» АҚ басшылығы мен кәсіподақ ұйымы бұдан әрі ұжымның бірлігін нығайтуға және кәсіпорынның жақсы дәстүрлерін сақтауға ықпал ететін осындай әлеуметтік бастамаларды қолдауды жоспарлап отыр.

