Семинар барысында дәрігер-мамандар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы, зиянды әдеттердің алдын алу, жұқпалы аурулардан қорғану, сондай-ақ психологиялық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу, қан қысымын тұрақты бақылау, холестерин деңгейін реттеу, дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділіктің жүрек саулығын сақтаудағы рөліне ерекше назар аударылды. Мамандар инфаркт пен инсульттің алғашқы белгілері туралы түсіндіріп, уақытылы дәрігерге жүгінудің маңызын атап өтті.
Кездесу интерактивті форматта өтіп, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар нақты әрі түсінікті жауаптар ұсынды. Әсіресе еңбек ұжымында денсаулықты сақтау, күйзелістің алдын алу, жүрекке түсетін жүктемені азайту, дұрыс тамақтану мен күнделікті қозғалыс белсенділігін арттыру тақырыптары кеңінен талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмысшылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, аурулардың алдын алу және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыру болды. Семинар қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтіп, алған ақпаратты күнделікті өмірде, оның ішінде жүрек саулығын нығайтуда қолдануға мүмкіндік берді.
Алдағы уақытта да «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамында қызметкерлердің денсаулығын сақтау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жүрек-қантамыр ауруларының алдын алуға бағытталған осындай профилактикалық іс-шаралар жалғасын табатын болады.

