АО "Шардаринская гидроэлектростанция"
   +7 (72535) 2-11-45, 2-16-53   Шардара

HomeНовостиЖаңалықтарЕңбек ардагерлеріне қамқорлық жасау — Шардара су электр станциясының жақсы дәстүрі

Еңбек ардагерлеріне қамқорлық жасау — Шардара су электр станциясының жақсы дәстүрі

1 қазанда Халықаралық қарттар күніне орай «Шардара су электр станциясы» АҚ кәсіподақ комитеті «Қарттарым аман-сау жүрші» деген ұранмен мерекелік іс-шара өткізді. Кездесуге ұзақ жылдар бойы станция ұжымында жұмыс істеген 38 зейнеткер — еңбек ардагерлері шақырылды. Көп жылғы адал еңбегі үшін құрмет пен алғыс белгісі ретінде барлық шақырылған зейнеткерлердің жеке шоттарына жалпы сомасы 1 664 208 теңге ақшалай қаражат аударылды, және сыйлық тапсырылды. Кездесудің жылы атмосферасы, ризашылық сөздері мен аға буынға көңіл бөлу станцияның еңбек ұжымы ұрпақтарының қамқорлығы мен сабақтастығының нағыз көрінісі болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Loading