Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға бағытталған осы бастама аясында 2025 жылғы 23 қыркүйекте «Шардара СЭС» АҚ базасында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің (Шымкент қ.) «Энергетика» бағыты бойынша білім алатын «Энергетика және дәстүрлі емес энергетикалық жүйелер» кафедрасының 3 курс студенттерімен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты-студенттер мен оқытушыларды кәсіпорын қызметімен, өндірістік процестермен таныстыру, сондай-ақ өндірістік практикадан өту үшін мүмкіндіктер беру.
«Мұндай кездесулерді өткізудегі біздің мақсатымыз-кәсіпорынды білікті мамандармен қамтамасыз ету. Бүгінгі студенттер-ертеңгі кәсіпқойлар және біздің кәсіпорынның есігі жастарға әрқашан ашық. Бізде өз білімдерін бөлісуге және жас қызметкерлерге тәлімгерлік етуге дайын тәжірибелі мамандар жұмыс істейді»,-деп атап өтті «Шардара ГЭС» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары-бас инженер С.Мамбетов.
Су электр станциясы бойынша экскурсия барысында студенттер кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарымен танысты, техникалық мамандармен кездесті, сондай-ақ тәжірибеде электрлік өлшеулер, сынақтар, дәнекерлеу жұмыстары мен электр монтаждау процестерімен танысты.
Сапар соңында оқытушылар мен студенттер «Шардара СЭС» АҚ басшылығына жылы қабылдауы, пайдалы ақпараты және мамандық бойынша өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігі үшін алғыстарын білдірді.