+7 (72535) 2-11-45   Шардара

Мерекелік күй, жеңімпаз үй

2025 жылдың 20 наурызында,  Ұлттық спорт, Ынтымақ және Жыл басы күні, Шардарада  аудан және қала тұрғындарына арналған мерекелік  шара өткізілді.

«Шардара су электр станциясы» АҚ-ның еңбек ұжымы да үй безендіріп, шатыр тігіп, қариялардың батасын алды. Қонақтарға наурыз көже және палау тартылды. Ән айтылып, күй тартылған, балуандар күресіп, кір тасы көтерілген мейрамға жиналғандар дән риза болысты.

Суретте: ұлттық киім жарасқан ұжым

Әділ қазылар алқасының шешімімен «Шардара су электр станциясы» АҚ-ның еңбек ұжымы тіккен, жұмыртқадай жұтылып тұрған ақшаңқан үй жеңімпаз деп танылып, бірінші жүлделі орынды жеңіп алды.
«Шардара СЭС» АҚ-ның кәсіпкомы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *