АО "Шардаринская гидроэлектростанция"
   +7 (72535) 2-11-45, 2-16-53   Шардара

HomeНовостиЖаңалықтарКоманданың күші-спортта және істе! Шардара ГЭС Республика күнін атап өтті

Команданың күші-спортта және істе! Шардара ГЭС Республика күнін атап өтті

2025 жылғы 24-25 қазанда кәсіподақ комитеті «Шардара СЭС» АҚ жастар кеңесімен бірлесіп, 25 Қазан — Республика күніне орай спорттың бес түрі бойынша цехаралық жарыстар ұйымдастырып, өткізді.

Спорттық бағдарламаға келесі спорт түрлері кірді:

* шағын футбол;

* армрестлинг;

* асық ату;

* шахмат;

* үстел теннисі.

Жарысқа дайындықтың жоғары деңгейін, ұйымшылдықты, командалық рухты және жеңіске деген ұмтылысты көрсеткен станцияның әртүрлі бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Барлық жарыстарда достық пен салауатты бәсекелестік атмосферасы орнады.

Жарыс қорытындысы бойынша әр спорт түрінен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Барлық жүлдегерлерге «Шардара ГЭС» АҚ кәсіподақ комитетінен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Мұндай іс-шараларды өткізу корпоративтік мәдениетті нығайтуға, бұқаралық спортты дамытуға және кәсіпорын қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Loading