2025 жылы жабдықтардың біршама бөлігінің пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты оларды заманауи, жоғары технологиялы баламаларға ауыстыру туралы шешім қабылданды. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде мынадай жабдықтар сатып алынды:
— энергияны түрлендіру мен беруді жоғары энергия тиімділігімен және жетілдірілген қорғау жүйесімен қамтамасыз ететін жаңа күштік трансформатор;
— жоғарғы бьефке арналған, жүк көтеру операцияларын орындауға, гидротехникалық құрылыстарды техникалық қызмет көрсетуге және жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуге арналған қақпақты кран (козловой кран).
Аталған құрылғылар саланың қолданыстағы техникалық талаптары мен стандарттарына толық сәйкес келеді, жоғары сенімділікке ие және заманауи автоматтандыру және бақылау жүйелерімен жабдықталған.
Жаңа жабдықтың болжамды қызмет ету мерзімі 25–30 жылды құрайды, бұл жоспардан тыс жөндеу көлемін едәуір азайтып, гидроагрегаттар мен гидротехникалық имараттарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Жаңартылған тораптарды пайдалану мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
• тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын арттыру;
• пайдалану шығындарын қысқарту;
• энергия тиімділігі көрсеткіштерін жақсарту;
• технологиялық процестерге қызмет көрсету барысындағы жеделдікті
және қауіпсіздікті арттыру.

