Басты бет / «Қарттарым, аман-сау жүрші!»

«Қарттарым, аман-сау жүрші!»

2026 жылғы 1 қазанда Халықаралық қарттар күніне орай «Шардара су электр станциясы» АҚ кәсіподақ комитеті «Қарттарым, аман-сау жүрші!» деген ұранмен мерекелік іс-шара өткізді. Кездесуге ұзақ жылдар бойы станция ұжымында қызмет атқарған 43 еңбек ардагері шақырылды.

Көп жылғы адал еңбегі үшін құрмет пен алғыс белгісі ретінде барлық шақырылған зейнеткерлердің жеке шоттарына жалпы сомасы 2 186 593 теңге ақшалай қаражат аударылды және естелік сыйлықтар тапсырылды.
Кездесудің жылы атмосферасы, ризалық сөздер мен аға буынның көңілінен шығуға тырысу Станцияның еңбек ұжымының қамқорлығы мен ұрпақтар сабақтастығының нағыз көрінісі болды.

«Шардара СЭС» АҚ кәсіподақ комитеті

Loading