Басты бет / «Инклюзия күні»: қолдау мен өзара түсіністік атмосферасын бірге қалыптастырамыз

«Инклюзия күні»: қолдау мен өзара түсіністік атмосферасын бірге қалыптастырамыз

2026 жылғы 22 қыркүйекте «Инклюзия күні» бастамасы аясында «Шардара СЭС» АҚ қызметкерлері Шардара ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне барды.

Іс-шара барысында балалар мен жастарға шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қарым-қатынас жасау және өзара байланыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған бірлескен шығармашылық және интерактивті шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Қоғам қызметкерлері іс-шараларға белсенді қатысып, қолдау, ашық қарым-қатынас және бірлескен шығармашылық атмосферасын қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

«Инклюзия күнін» өткізу өзара түсіністік, құрмет пен тең мүмкіндіктер мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ Қоғам қызметкерлері, балалар мен жастар арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Loading