Біздің станса ұжымы «Мөлдір бұлақ» акциясымен «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдады
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында станцияның қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясын өткізді.
Бiздiң кәсiпорын үшiн iрi өндiрiстiк объект ретiнде су ресурстарына ұтымды әрi жауапкершiлiкпен қарау мәселесi әрдайым басымдық берiлген және солай болып қала бередi. Біз экожүйені сақтау — өңірдің орнықты болашағының кепілі екенін түсінеміз.
Экологиялық акция Сырдария өзенінің жағасында өтіп, «Шардара су электр станциясы» АҚ қызметкерлерін ашық су көздерін тазалау және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған ортақ мақсат төңірегінде біріктірді.
Акцияның мақсаттары мен міндеттері
«Мөлдір бұлақ» акциясы ондаған қызметкерлерді біріктіріп, алдына маңызды міндеттер қойды:
- Санитарлық тазалау: Жағалау жиегін тұрмыстық қоқыстан және өндірістік қалдықтардан тазалау.
- Экологиялық мониторинг: Табиғи теңгерімді сақтау үшін жергілікті су көздерінің тазалығын сақтау.
- Мәдениетті дамыту: Корпоративтік волонтерлікті, әсіресе жас энергетиктер арасында қолдау және дамыту.
Ортақ іске үлес
Іс-шара барысында станция еріктілерінің күшімен жағалау аймағының едәуір аумағы тазартылды. Жиналған қоқыс сұрыпталып, одан әрі кәдеге жарату үшін шығарылды.
«Мұндай бастамалар табиғатқа ғана емес, командалық рухты да нығайтады. Жас мамандар үшін бұл азаматтық ұстаным танытудың және жалпыұлттық маңызы бар жобаға өз үлесін қосудың тамаша мүмкіндігі», — деп атап өтті станцияның жас энергетиктер кеңесінде.
Біздің басымдық — экология
«Мөлдір бұлақ» акциясының өткізілуі станцияның экологиялық жауапкершілік қағидаттарын ұстанатындығының тағы бір дәлелі болды. Біз жай ғана энергия өндірмейміз, қоршаған ортаның болашақ ұрпақ үшін таза болуын ойлаймыз.
Таза су — өмір, ал оған қамқорлық — біздің ортақ міндетіміз!


