Қоржын — толық, мереке – ұлық болсын!
2026 жылғы 14 наурызда «Шардара СЭС» АҚ «Рамазан қоржыны» қайрымдылық науқаны аясында әлеуметтік әлеуеті төмен бес отбасыларға қаражат бөліп, азық — түлік себеттерін таратты.
Өмір – сынақ: байды тоқшылықпен, кедейді жоқшылықпен сынайды. Санасы сәулелі, иманы тәубелі жан мүсәпірге мейірім, мүгедекке қолдау танытуға қашанда асық болып тұрса, сол қоғам ертең гүлденеді, дамиды.
Осы өміршең қағида біз үшін де алыстан күркіреген күн емес, «жаныңдағыны жарылқа!» деген заң. Қолымызда барымызды айналамыздағы қажетсінген жандармен бөлісу қуаныш сыйлайды. Наурыз қарсаңында бардық. Барымызбен бөлісіп, Жүрегімізбен көрістік.
