Басты бет / Амал мереке

Амал мереке

2026 жылғы 14 наурызда «Шардара СЭС» АҚ ұжымы «Көрісу күні – Амал мерекесі» салтын кеңінен насихаттауға арналған арнайы іс-шара өткізді.

«Көріскенше күн жақсы болсын!» деп қоштасқан қазақ осы сәтті ерекше күткен. Себебі, ауылы алыс, қыстауы қиянда орналасқан ағайын-туғанмен кездесіп, жүз танысып, бет көрісу ғанибетіне ие болу қар кетіп, жер көктейтін наурыз айында ғана мүмкін болған. Тоқым қағып, сандық қырнап, бар тапқанын қонаққа ұсына отырып, алдағы жазда қандай жұмыс, нендей іс жасау керектігін ақылдасатын, болашақты айқындайтын осы күні ақ түйенің қарны жарылған екен.
Жұмыскерлер-әріптестер күнде бір-бірін көріп жүрсе де өздерін жаңа қырларынан – армандастар, талаптастар, ынтымақтастар ретінде танып, қауышты. Көрісе құшақтасу, арқа қағу, мадақ сөз айтып, бақыт пен байлық тілеу кімді болса да марқайтары сөзсіз. Осы күні барлығымыз Марқайып, шалқайып, шалқыдық.

Loading