2026 жылғы 6 наурызда «Шардара СЭС» АҚ ұжымының азаматтары 8-ші Наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Қоғамда қызмет ететін әйелдер қауымын төл мерекесімен құттықтады.
Сол күні қаланың бар гүлі Станция қыздарының құшағында болды. Көктемнің тамылжыған сәтінде көк тасты еріткен аспандағы күн емес, әріптестердің ыстық тілегі сияқты көрінді. Нәзік жандардың құрметіне шынайы құттықтаулар айтылды, ән шырқалды, би биленді, ұтқыр сөз бен тұшымды әзілдер легінің тығыны атылды.
Кәсіподақ комитеті және жастар кеңесі ұйымдастырған шара Сыр бойы сұлуларының есінен кетпестей әсер қалдырды. Онысын әсем арулар рахметімен жеткізді.
