Басты бет / Ата Заңымыз Конституцияға енетін өзгерістер жөніндегі Республикалық референдум жайында

Ата Заңымыз Конституцияға енетін өзгерістер жөніндегі Республикалық референдум жайында

2026 жылғы ақпанның 23 — 24 жұлдызы күндері «Шардара су электр станциясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі — Қоғам) кіші және үлкен мәжіліс залында үстіміздегі жылдың 15 наурызында өтетін Республикалық референдум жайында Қоғам қызметкерлерімен жиын өткізілді. Бұл іс шараға Шардара ауданы әкімідігінің ішкі саясат бөлімінің мамандары Шардара ауданының құрметті азаматы Данияров Асылхан, Оспанов Алмас Әмзеұлы және Шардара ауданы ақсақалдар кеңесінің Төрағасы, Шардара ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Ілесов Қыстау Інайұлы қатысты. Жиын барысында сөз алған Ілесов Қ.І. Республикалық референдум жайында, Ата Заңымыз Конституция қанша баптан тұратыны жөнінде және өзгеріс енгізілетін баптарға қысқаша тоқталып енетін өзгерістер туралы түсіндірді. Сонымен қатар өз кезегінде сөз алған ішкі саясат бөлімінің мамандары Данияров А., Оспанов А.Ә. жиын барысында Ілесов Қ.І. баяндаған Ата Заңымыз Конституцияға енгізілетін өзгерістерді толықтай қолдайтынын айтты.

«Шардара су электр станциясы» АҚ

Loading