Шардара су электр станциясының электр энергиясын өндіру және өткізу жоспары жылдың су ресурстарына және Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті белгілейтін Түркістан және Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы дақылдарын кепілді сумен қамтамасыз ету болып табылатын Шардара су қоймасының жұмыс режиміне байланысты.
Шардара су қоймасының 2026 жылғы вегетациялық және вегетацияаралық кезеңдердегі жұмыс режимінің болжамдарын ескере отырып, 2026 жылға электр энергиясын өндіру көлемі 515,1 млн. кВт*сағ деңгейінде жоспарлануда. Аталған көрсеткішке қол жеткізу мақсатында біз өз жұмысымызды су қоймасының жұмыс режимін ұтымды пайдалану есебімен жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар, «Шардара су электр станциясы» АҚ-ның Инвестициялық бағдарламасында көзделген міндеттерді орындау мақсатында 2026 жылы электр энергиясының пайдалы босатылымы (сатылымы) 505,7 млн. кВт*сағ деңгейіне жеткізу жоспарлануда.
Іске асыру тәсілдері: электр энергиясын көтерме түрде Бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын сатып алу–сату шартының негізінде өткізу.