Басты бет / «Самұрық-Энерго» АҚ омбудсмені — Н.Б. Ақыловтың «Шардара СЭС» АҚ-ға сапары

«Самұрық-Энерго» АҚ омбудсмені — Н.Б. Ақыловтың «Шардара СЭС» АҚ-ға сапары

Біздің станцияның акт залында «Самұрық-Энерго» АҚ омбудсмені Н.Б. Акыловпен жұмыс кездесуі өтті.

Сапардың мақсаты корпоративтік диалогты дамыту, қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы ашықтық пен сенім деңгейін арттыру болып табылады. Кездесу барысында өндірістік қызмет, еңбек жағдайлары, қызметкерлерді әлеуметтік қолдау, корпоративтік этика нормаларын сақтау және еңбекті қорғау талаптары мәселелері қаралды.

Омбудсмен өз қызметінің негізгі бағыттарын ұсынды, қоғам персоналының өтініш беру тетіктерін және ұсыныстар мен өтініштерді қарау тәртібін түсіндірді. Қоғам қызметкерлері ашық диалог форматында сұрақтар қоюға және өзекті тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алды.

Кездесу қорытындысы бойынша Омбудсмен институтымен тұрақты өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.

Loading