Сырғи аққан Сыр суының алдын жауып тоғандап, артынан сұлата ағызып электр қуатын өндіретін жандарды Шардарада осылай атайды. Жарты ғасырдан бері су сауған қанша жан құрметті демалысқа шығып, ардагерлер қатарын толықтырды десеңші.
1-ші қазан — Қарттар күні мерекесіне орай «Қарттарым, аман-сау жүрші!» деген ұранмен «Шардара су электр станциясы» АҚ кәсіподақ комитеті ұжымда ұзақ жылдар қызмет еткен 38 зейнеткерді Станцияға шақырып, мерекелік сый-сияпат табыстады. Көңілі толған жандардың қалтасы қоңылтақсымасын деген оймен зейнеткерлердің жеке шоттарына 46 228 теңгеден жалпы сомасы 1 664 208 теңге қаражат аударылды.
«Шардара су электр станциясы» АҚ кәсіподақ комитеті

