Жастар Кеңесі Төрағасының төрағалығымен «Шардара СЭС» АҚ кеңес мүшелерімен бірлесіп 2025 жыл 29 сәуірде «Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы» атты кеңес өткізілді. Кеңестің мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, жастарды осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар ету, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту және құқықтық тәрбиені насихаттау болды. Талқылау барысында отбасындағы, қоршаған ортадағы қарым-қатынастардағы жағымсыз қасиеттер, қазіргі қоғамда орын алып отырған тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу жолдары талқыланды.
Зорлық-зомбылықтың өзі жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін жағымсыз үлгі болып табылады. Статистикаға сәйкес, отбасындағы зорлық-зомбылық көбінесе әйелдерге қатысты, қарттар мен балалар зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайлар аз емес. Тұрмыстық зорлық-зомбылық маңызды әлеуметтік мәселе болып қала береді.
Талқылауға қатысушылардың пікірінше, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен сәтті күресудің негізгі шарты — қоғамдағы адамдардың көзқарастарын өзгерту. Ол үшін қоғамдық сананы және қалыптасқан стереотиптерді түбегейлі өзгерту, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарын түсінуді қалыптастыру, ерікті қоғамға қарсы мінез-құлыққа жол бермеу қажет. Әрбір жазасыз үй бұзақысы жауапсыздық сезімін дамытады, бұл одан әрі ауыр құқық бұзушылықтар жасауға негіз болады.
Жастар кеңесі «Шардара СЭС» АҚ.

